Алматылық әйел Украинадан эвакуациялау кезінде босанған

2588
Adyrna.kz Telegram

Украинадан Алматыға эвакуацияланған ерлі-зайыптылар ата-ана атанды. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы Алматы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Украинадан 155 қазақстандық елге оралды. Олардың жетеуі – сәби. Бұл әскери қимылдар жүріп жатқан аймақтан келген төртінші эвакуациялық рейс. Барлығы 580-нен астам азамат елге оралып үлгерді.

Отанына оралғандардың арасында алматылық отбасы да бар. Украинадан эвакуациялау кезінде Бауыржан Игіліков пен оның әйелі ата-ана атанды. Ата-анасы да, баласы да Қазақстанға келіп үлгерді. Сәби аман-есен дүниеге келді. Ерлі-зайыптылардың айтуынша, олар баланы 8 жыл күткен.

"Әйелім жолда босанды. Дәлірек айтсақ, эвакуация кезінде Хмельницкий перзентханасында босанды. Әйелім жүктіліктің қырқыншы аптасында еді, дәрігерлер оны қабылдауға келісті. Бастапқыда ол Киевте босануы керек болған. Бірақ бізді қабылдаудан бас тартып, олардың ғимаратына шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті. Кейін осы перзентханаға зымырандық шабуыл жасалғанын білдік", - деді Алматы тұрғыны Бауыржан Игіліков.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер