Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2 наурыздан бері із-түзсіз кеткен сарбазға іздеу салды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҰҚК шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 2 наурызда жоғалып кеткен «Андас батыр» шекара бөлімшесінде мерзімді қызмет атқарып жүрген әскери қызметші, қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердишевті іздеп жатыр.
Іздеуге Жамбыл облысы бойынша шекара қызметінің департаменті мен полиция департаментінің күш-құралдары жұмылдырылған.
«Осы факт бойынша тергеу іс-қимылдары мен қызметтік тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұ. Бердишевке қатысты қандай да бір ақпаратқа ие болғандардың барлығына мына телефон номерлері арқылы – 110 (ҰҚК сенім телефоны), 87172719458 (Шекара қызметінің сенім телефоны) хабарлауды сұраймыз»,- деп жазылған хабарламада.
"Адырна" ұлттық порталы