Алматы облысында «Анамның бейнесі» көрме - байқауы мәресіне жетті

808

Жетісу өлкесінде «Балалар жылы» аясында 8-наурыз мерекесі қарсаңында мектеп оқушылары, студенттер және кәсіпқой суретшілердің туындыларынан жинақталған «Анамның бейнесі» атты көрме-байқауының жеңімпаздары анықталды.

Игі шараның өтуіне облыстық мәдениет басқармасы мен «Көркемөнер галереясы» мұрындық болды. Байқауды өткізудегі негізгі мақсат- анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, рухани байлықты молайтып, ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.

Айта кетейік, байқау қатысушылары жас ерекшеліктері мен деңгейлеріне қарай топтастырылған. Қылқалам шеберлерінің ең дарындысы жүлделі орыннан табылды. Солардың бірі - Альнура Тұрсынғали. Оның өткізген жұмысы мектеп оқушылары арасында үздік деп танылған.

- «Мен мұндай байқауға бірінші рет қатысып тұрмын. Бір дегеннен жүлделі болу ерекше сезім. Туындыны 18 сағат көлемінде салдым. Бар ықыласымды аударған жұмысымның оң бағаланғанына қуанып тұрмын. Менің суретпен әуестенгеніме 1,5 жылдың жүзі болды. Қазір тек қара қарандаштың көмегімен бейнелеймін. Болашақта майлы бояумен сурет салуды меңгергім келеді»,-дейді жас суретші Альнура Тұрсынғали.

Алматы облыстық мәдениет басқармасының басшысы Мәрлен Қапашұлының айтуынша, үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған көркем шараның көпке берері мол.

«Бүгін суретшілер арасындағы байқау өз мәресіне жетті. Қылқалам шеберлерінің додасын ақпан айында жариялаған болатынбыз. Ұзын-саны 130 үміткер қатысты, оның ішінде 10 студент, 21 кәсіби суретші, қалғандары мектеп оқушылары. Жалпы жүлде қоры -700 мың теңге. Алдағы уақытта осы тектес шаралар өз жалғасын табатын болады. Мәселен, Қабанбай батыр мен Ескелді бидің 330 жылдығын ұштастыра отыра пленэр өткізу жоспарланған»,-дейді Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket