Қайрат Нұрқаділов әкесінің өлімін тергеуді қайта бастады

3280

Марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов әкесінің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеуді қайта бастауды талап етіп, ҚР Бас прокурорына арыз жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірақ жаңа бас прокурор Берік Асылов журналистерге аталған шағымнан хабарсыз екенін айтты. Саясаткердің ұлы әкесін 2005 жылы 12 қарашада атып кеткенін алға тартты.

«Әкемді өлтіру айғақтарына қарамастан, бірден өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл даусыз дәлелдерге қарамастан, жүрекке екі рет және басына бір рет оқ атылған, бұл суицидтің техникалық белгілерін толығымен жоққа шығарады» деді Қайрат Нұрқаділов мәлімдемесінде.

Марқұмның ұлы суицид нұсқасына сенбейді және тергеуді қайта бастауды талап етті.

Сенат отырысында журналистер жаңа Бас прокурор Берік Асыловқа кіші Нұрқаділовтың мәлімдемесі туралы сұрақ қойды.

«Апелляция түсті ме, жоқ па?» деп сұрады Азаттық тілшісі. Асылов оған «ол туралы білмеймін» деді асығыс.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket