“Amanat” халықтың аманатын орындайтын партия болсын - Жеңіс СЕЙДОЛЛАҰЛЫ

1190

«Amanat» партиясына халықтың аманатын орындайтын саяси құрылым ретінде үміт артамыз. Мұндай пікірді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт« мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдуллаұлы білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 

«Дана халқымыз әрдайым «Аманатқа қиянат жүрмейді» дейтін бұлжымас қағиданы ұстанып, оның қадірін терең ұғынған. Шынымен де, аманат ұғымының өнегесі, мәні зор.

Аманат – бұл сенім, жауапкершілік және адалдық. Күні кеше еліміздің жетекші партиясы «Нұр Отанның» атауы «Amanat» деп өзгеруінде үлкен мән бар. Біз «Amanat» партиясына халықтың аманатын орындайтын саяси құрылым ретінде үміт артамыз», - деді ол.

Концерттік ұйым директоры саяси ұйым атауы өзгергенмен, халықтың үніне құлақ асып, елімізді өркендетуге бағытталған басты мақсаты өзгермегендігін айтады.

«Бірақ енді оның жұмыс істеу тәсілдері жаңғырады, демек партия мен халықтың өзара бірлігі күшейе түседі. Алдағы уақытта партия мүшелері осы міндетті орындауға белсене кіріседі деп ойлаймын.

Президент айтқандай, «Егемендігіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең байтақ жеріміз – бізге бабалардан жеткен аманат. Осы қастерлі құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтауымыз керек». Сондықтан біз де партияның алған бағытын қолдап, ұйымщылдық танытсақ, еліміздің ырыс-берекесі арта түседі», - деді Жеңіс Сейдуллаұлы.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket