Илон Маск украиндықтар үшін Starlink байланыс желісін ашты

3982
Adyrna.kz Telegram

Илон Маск Украинада өзінің Starlink ғаламдық спутниктік байланыс жүйесіне қолжетімділікті ашқанын хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Starlink қызметтері енді Украинада ұсынылады. Жаңа терминалдар келе жатыр", - деп жазды ол Twitter-де.

Starlink - ғаламдық спутниктік байланыс жүйесінің жобасы. Оны 2002 жылы Илон Маск негізін қалаған американдық SpaceX компаниясы жасаған. Starlink жүйесі жер төңірегіндегі орбитада көптеген шағын аппараттарды (салмағы 500 кг дейін) орналастыру есебінен бүкіл әлем бойынша пайдаланушылардың Интернетке қол жеткізуін қамтамасыз етуге арналған.

Бұрын Starlink әлемнің 28 елінде, соның ішінде Солтүстік Америкада, Еуропаның бірқатар елдерінде, Латын Америкасында, сондай-ақ Австралия мен Жаңа Зеландияда қол жетімді болды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер