Марғұлан СЕЙСЕМБАЙ: Украинаға гуманитарлық көмек беруге шақырамыз!

3833
Adyrna.kz Telegram
Кәсіпкер Марғұлан Сейсембай қазақстандықтарды украин халқына қолдау көрсетуге, гуманитарлық көмек қолын созуға шақырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
 Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды:
"Біз жақында ғана қасіретті қаңтар күндерін бастан өткерген көпұлтты Қазақстанның біртұтас халқымыз. Кремльдің Украинаға жасап жатқан әскери агрессиясына аса алаңдап отырмыз. Ғасырлар бойы татулығына сызат түспеген бауырлас екі елдің соғысын көру біз үшін ауыр. Украина тәуелсіз мемлекет! Украин халқының өз елінің тәуелсіздігін қорғауға толық құқығы бар екені даусыз.
Біз де Отанымыздың тәуелсіздігін барынша қорғауға дайын екенімізді айтқымыз келеді. Халқымыз талай ұлттың басынан сипап, мейірімін төккен. Соғыс зұлматынан қашқан қаншама жанды паналатып, бауырына басқан. Қорғансызға қол ұшын созу - халқымыздың қанына сіңген қасиет. Соғыс кезінде мыңдаған халық туған жерлері мен үйлерін тастап кетуге мәжбүр болады. Соғыс кезінде адам үшін ең қарапайым деген заттардың өзі тапшы болады: киім-кешек, дәрі-дәрмек, азық-түлік. Кез келген соғыс – ауқымды гуманитарлық дағдарыс" деп жазды ол.
Біз, бауырлас Украина халқымен біргеміз дегіміз келеді!
Құрметті қазақстандықтар, сіздерді тағдырлары қыл үстінде тұрған украин халқына қолғабыс етуге шақырамыз! Украина еліне арнайы жіберілетін дәрі-дәрмек пен медициналық құралдарды жинап, гуманитарлық көмек беруге шақырамыз! Гуманитарлық көмекті (медициналық препараттарды) қабылдау пункттері:
1. Астана қаласында: Украина Елшілігі, Жылыой к-сі, 12 Байланыс нөмірі: +7 707 299 93 57 Рахимбек
2. Алматы қаласында: Фонвизин к-сі, 10, 307 каб. Байланыс нөмірі: +7 771 377 77 73 Қажетті дәрі-дәрмектердің тізімін Украина елшілігінен алуға болады.о
Қосымшада қажетті дәрі-дәрмектер тізімі берілген.
1. Арман Шораев
2. Айнаш Керней,
3. Бақытжан Бұхарбай
4. Бақытжан Төреғожина
5. Ермұрат Бапи
6. Дина Елгезек
7. Досым Сәтбаев
8. Қарлығаш Еженова
9. Марғұлан Сейсембаев
10. Мұхтар Жәкішев
11. Рахымбек Әбдірахманов
12. Санжар Боқаев
13. Тоғжан Қожалиева
Дәрі-дәрмек сатып алуға жиналатын қаражат үшін Рахымбек Әбдірахмановтың каспий картасының деректері: 5169 4971 1448 9911. Карта +7707 299 93 57 телефон нөміріне қосылған.
Нет описания фото.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер