Киевте тұратын қазақстандықтар бар жағдайды айтып берді

1590

Киевте тұратын қазақстандықтар эвакуацияға дайындалып жатыр. Бұл туралы Киев тұрғыны Әлия Тұрысбекова айтты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Балалардың, өзімнің заттарымды жинап жатырмын. Қазақстан елшілігі азаматтарды эвакуациялауды жоспарлап отыр", - деді Тұрысбекова.

Оның айтуынша, қазір Киевтегі жағдай алаңдатып отыр.

"Бізде бәрі жақсы. Бірақ бәрібір қорқынышты. Бір жерде соғыс болып жатқанын есту бөлек те, таңертеңгі сағат 6-да жарылыс дауысынан ояну мүлдем басқаша сезім", - деді ол.

Бұған дейін СІМ жағдай ушықса, Қазақстан азаматтары жедел желі телефондарына хабарласа алатынын айтқан еді: +38 067 347 04 08 (WhatsApp, Viber), +38 044 483 15 96, +38 044 489 18 58.

Сондай-ақ, отандастарымыз Харьков (консулдық округ Харьков, Сумы және Полтава облыстарын қамтиды), Львов (Волынская, Закарпатская, Ивано-Франковская, Ровненская, Тернопольская, Хмельницкая, Черновецкая және Львов облыстары), Одесса (Николаевская, Херсон және Одесса облыстары) және Днепр (Днепропетровск облысы) қалаларында орналасқан ҚР құрметті консулдарының кеңселеріне жүгіне алады.

Қазір уақытша консул есебінде 493 адам тұр, олар - елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері, студенттер мен бизнес өкілдері. Тұрақты консул есебінде 1110 адам тұр. Қазақстан азаматтары Украинаның Киев, Киев, Одесса, Харьков және Львов облыстарында тұрады.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket