Шымкентте полицей қарт адамды "өлімше етіп" соққыға жыққан

3485

Шымкент қаласының тұрғыны көршісімен араларындағы ұрыс-керістен соң оның пәтеріне кіріп, 62 жастағы күйеуін ұрып-соғып ауыр дене жарақатын салғаны туралы айтты, деп хабарлайды «Адырна» сайты.

Бұл оқиғадағы ең қызығы, қылмыскер полиция қызметкері болып шықты.

Шырайлы Шымкент тұрғыны әлі де есеңгіреп тұр. 4 ақпанда оның көршісі пәтерді шатастырып, домофон арқылы оларға есікті ашуын өтінген. Әйел есікті ашты, артынша жағдайға сәл күдікпен қарады. Ол көршісінің өз кілтімен ашпай, неге үнемі хабарласып ашуды сұрайтынына таңғала қарады. Кейіннен ер адам екі әйелдің әңгімесіне араласқан.

Жақында көшіп келген көршіме өз ренішімді айтып тұрғанмын. Сосын әлгі еркек тұрып: «Мына алқашпен неге сөйлесесің?» дейді. Мен ашуландым. Күйеуім шығып, айтқан сөзін қайтып алуды өтінді. Ал әлгі еркек бірден дүрсе қоя берді, дейді Анна.

Сол күні кешке ПЕТРОВСКИЙ отбасы полицияға арыз жазып, жедел жәрдем шақырған. Әйелдің айтуынша, полиция қызметкері мас болған.

"Полиция патрульі мен жедел жәрдем шақырдық, арыз жаздык. Кейін бұл азамат Әл-Фараби АІІБ-де полиция қызметкері болып жұмыс істейтінін білдік. 2022 жылдың 21 ақпанында сағат 16:00-де сот отырысы өтті. , бізге сот қорытындысы берілмеді.Қылмыскер жазаланды ма, білмейміз, себебі ол соттан кейін бірден бостандыққа шықты.Күйеуім әлі айыға қойған жоқ, өзін нашар сезінеді, мен де уайымға салынып денсаулығым нашарлай бастады. Гипертониямен ауыратындықтан, қазір қан қысымым көтеріліп жатыр», - деп түсіндірді Анна ПЕТРОВСКАЯ.

Енді ерлі-зайыптылар барлық мән-жайды анықтап, аппеляциялық шағым түсірмекші.

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket