Шымкентте 3 мыңнан астам жұмыскердің қарызы өтелді

2215
Adyrna.kz Telegram

Бүгін еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов қала әкімдігінің «Instagram» парақшасындағы тікелей эфир арқылы 2021 жылы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстарды баяндады.

Басқармасы басшысының сөзінше, өткен жылы түрлі кәсіпорындар мен ұйымдардан және жеке тұлғалардың 1 157 арыз-шағымы қаралып, тиісті жауап берілген.

Мемлекеттік еңбек инспекторларымен - 234 тексеру жүргізіліп, 410 заң бұзушылық анықталдған. Нәтижесінде 9,86 млн.теңге көлемінде 55 әкімшілік айыппұл салынып, 45 қозғалған әкімшілік іс бойынша 6,3 млн. теңге айыппұл өндірілген.

Өткен жылы тексерулер барысында 80 кәсіпорында 3 085 жұмыскердің 384 млн.теңге көлеміндегі жалақы қарыздары мемлекеттік еңбек инспекторларының араласуымен өтелді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігінің қорғалуын бақылауға бағытталған «Халықтық бақылау» жобасы бүгінде қаламыздағы 18 кәсіпорынға енгізілген.

Эфир барысында тұрғындар еңбек құқықтары мен еңбекақы төлеуде заңдылықтар жөніндегі сұрақтарына Б.Қалжанов ретімен жауап берді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер