"Қаңтар қырғыны": 52 адам сотталды

3451
Adyrna.kz Telegram

«Қаңтар оқиғасы» бойынша 52 адам сотталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Бүгін елімізде соттар жеке басын және жасаған қылмыс ауырлығын ескере отрып 52 адамды соттады: олардың 39-ы бас бостандығын шектеуге, 13-і бас бостандығынан айыруға, ал 2 адамға қатысты тараптар татуласуына байланысты тоқтатылды, - деді Санжар Әділов.

Ол қаңтар оқиғаларын қанша адам тергеп жатқанын айтты.

Республика көлемінде қаңтар оқиғаларын тергеуге 500-ден аса ішкі істер органдары қызметкерлері тартылды, олардың ішінде тергеушілер, жедел қызметкерлер және криминалисттер. Ішкі істер министрлігі орталық аппаратынан жергілікті жерлерге тәжірибелі қызметкерлер жіберілді. Бірқатар қызметкер арнайы прокурорлар жетекшілік ететін ведомствоаралық жедел тергеу топтарының құрамдарына қосылды және олармен бірге жаппай тәртіпсіздіктердің ұйымдастырушыларын анықтау бойынша жұмыс істеп жатыр, - деді ол.

Әділов атағандай, аталған топтар жұмысының нәтижелері бас прокуратура өкілімен айтылды.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер