Ресей елшісі: Донбасс пен Луганск Украинаның бір бөлігі

2683

Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов америкалық CBS телеарнасына Мәскеудің басқа елдерден аумақты тартып алуға әрекет жасамайтынын айтып, Донбасстың Украинаның бір бөлігі екенін атап өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Ешқандай басып кіру жоқ. Мұндай жоспарлар да жоқ. Біз шет елдердің ешбір аумағын басып алуға тырыспаймыз. Мен Донбасс пен Луганск Украинаның бір бөлігі екенін растағым келеді. Біз Ресей аумағының периметрі бойынша тітіркендіргіштерді көргіміз келмейді. Біз Украинамен тұрақты, жақсы қарым-қатынасқа мүдделіміз. Ал біздің қалауымыз – Луганск пен Донбасста тұратын халықтардың ана тілінде сөйлеп, кез келген қоғамның барлық құқықтарын пайдалануына мүмкіндік беру», - деді Ресей дипломаты.

Украина шекарасына жақын жерде Ресей әскерлерінің жиналуы туралы айта келе, елші Ресейдің өз әскерлерін елдің кез-келген жеріне орналастыруға заңды құқығы бар екенін атап өтті.

"Біз ешкімді қорқытпаймыз. Біз АҚШ-ты қорқытпаймыз, Украинаны қорқытпаймыз... Дегенмен, Ресей НАТО-ға қатысты үлкен алаңдаушылық танытып отыр. Бұл альянстың күштері Ресей шекарасына жақындап қалды", - деді Антонов.

Елші сондай-ақ Қырымның мәртебесі туралы мәселе Мәскеу тұрғысынан жабық екенін және «біз оны тіпті талқылағымыз да келмейді» деп баса айтты.

"Қырым мәселесі шешілді, Қырым мәселесі біз үшін жабық. Бұл Ресей территориясы, тіпті бұл мәселені мүлдем талқылағымыз келмейді", - деді Антонов.

Оның айтуынша, Украинаның шығысындағы дағдарысты "Егер сіз Киевті келіссөздер үстеліне отыруға көндірсеңіз, оны шешу өте оңай". "Сіз Киевті Минск келісімдерін орындауға сендіруіңіз керек", - деді Ресейдің АҚШ-тағы елшісі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket