Премьер министрдің қол сағаты қанша тұрады?

4142
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/02/izobrazhenie_2022-02-20_110739.png
Премьер Министр Әлихан Асқанұлы Смайыловтың қол сағаты елдің аузында жүр. Бірнеше мың доллар турады деген шулаған халыққа ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары Руслан Желдібай жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Көпшілік Премьер министрдің қолындағы сағатты 5000-8000 доллар шамасында бағалаған болатын. Алайда, кеңсе басышысының орынбасарының сөзінше оның бағасы 383 доллар тұрады.
"Кеше Telegram-каналдардың бірінде Әлихан Асқанұлы бағасы $5,000-8,000 аралығында тұратын Cartie Tank сағатын тағады деп жазыпты. Шынтуайтына келгенде, Премьер-Министрдің фотодағы сағатының моделі Jacques Lemans, бағасы шамамен $383 тұрады. Сөзім дәлелді болу үшін фотоларды да жүктеп отырмын" деп жазды ол өзінің постында.
Комментарии