Орындалмайтын заң: Мемлекеттік тіл деңгейін тексеретін тесттен шенді адамдар неге өтпейді?

1983
Adyrna.kz Telegram

Қазіргі уақытта мемлекеттік тілді білмейтін адамдарды "а" және "Б" корпустары лауазымдарына тағайындау заң бойынша шектелмеген.

"А" және "Б" корпусының лауазымына үміткерлерге мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі бойынша талап жоқ.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (МҚІА)мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Total.kz сайтының мәліметінше, ведомствода "ҚР мемлекеттік қызметі туралы" Заңның 26-бабының 1-тармағына сәйкес "Б" корпусының лауазымына үміткерлер мемлекеттік тіл бойынша тестілеуден өтетінін еске салды.

Мемлекеттік тіл бойынша тестілеу шекті мәні жоқ 20 лексикалық-грамматикалық сұрақтан тұрады. 

Қазіргі уақытта "Б"корпусының лауазымына үмітті адамдарға мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі бойынша ешқандай талап жоқ.

Мысалы, мемлекеттік тіл бойынша тестілеу қорытындысы 0 балл болса ол кандидат іріктеудің келесі кезеңіне өте береді. 

Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 23-бабына сәйкес "А" корпусының лауазымына тағайындау конкурссыз жүзеге асырылатынын қосымша атап өтеміз. Осыған байланысты "А" корпусының лауазымына үміткерлер тестілеуден, оның ішінде мемлекеттік тіл бойынша тестілеуден өтпейді.

Лауазымды орындарға үміткерлер адамдарға мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі бойынша нақты бір жүйелі талап жоқ.

Сонымен қатар, "Қазтест" және "QazaqResmiTest" сертификаттарының орта деңгейден (В1) төмен болмауы туралы талап 2021 жылы Президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеу кезінде қолданылды. Бұл тестілер тыңдалым, лексика және орфография, хат және сұхбат сияқты блоктардан тұрады (анықтама ретінде: А1 — қарапайым деңгей, А2 — ортадан төмен, В1 — орташа, В2 — орташа-ілгері, С1 — ілгері, С2 — еркін меңгеру).

Ведомствода тіл саясатын іске асыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама (Үкіметтің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1045 Қаулысы) шеңберінде МҚІА 2025 жылға дейін "Қазтест" жүйесі бойынша "Б" корпусының лауазымына үміткерлерді шекті мәндерді белгілей отырып тестілеуді енгізу тапсырылғанын атап өтті.

"Аталған тапсырманы іске асыру заңнамаға түзетулер енгізуді талап етеді. Осыған байланысты тиісті түзету мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізілді. Қазіргі уақытта заң жобасын мемлекеттік органдар қарастыруда", - делінген хатта.

Айта кетейік, МҚІА-да мемлекеттік тілді меңгерудің қандай деңгейі анықталды деген сұраққа Ұлттық экономика экс – министрі, ал қазіргі-ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ирғалиев, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев немесе ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Айнұр Серғазиева жауап бере алмады. 

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер