Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің ұлттық статистика бюросы өкілі Қазақстанда кедейлік шегінде қанша адам өмір сүретіні, қанша адам 50 мыңнан кем және 500 мың теңгеден жоғары табыс табатыны туралы айтты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kzсайтына сілтеме жасап.
2021 жылдың үшінші тоқсанындағы мәліметтерге сәйкес, кедейлік деңгейі 5,3 пайыз болады. Осылайша, елде 1 005 447 адам кедейлік шегінен төмен өмір сүретіні белгілі болды.
"Бюро жылына бір рет сәуірде толық жұмыс істеген қызметкерлердің жалақысының құрылымы мен бөлінісі бойынша тексеру жүргізеді. Нәтижесінде, жалдамалы жұмысшылар - 2,9 миллион адам, ал орташа жалақы 45 000 теңгеге дейін екені анықталды. Оны қызметкерлердің 1,2 пайызы, 35,3 мың адам алды. 45 001 теңгеден 60 000 теңгеге дейін қызметкерлердің 6,5 пайызы, яғни 187 мың адам алады. Қызметкерлердің 5,4 пайызы, яғни 159,3 мың адам 500 000 теңгеден жоғары табыс табады", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.