Бүгін Қазақстанда жаңа саяси партия құрылады

5550
Adyrna.kz Telegram

Санжар Боқаев партия құрылғанын мәлімдеді. Ол бұл туралы өзінің телеграм арнасында жазды. 

«Бүгін мен баспасөз мәслихатын өткізіп, саяси партияның құрылғанын жариялаймын. Біздің партия құруымыздың басты себептерінің бірі – үкімет жұмысының әлсіздігі және жалпы жемқорлық. Үміттен, күтуден шаршадық. Мемлекет тек естігендей кейіп танытады. Мәселен, Өзбекстан үкіметі президенттің тиісті тапсырмасын орындай отырып, ауылшаруашылық техникасына баж салығын алып тастауға небәрі үш күн ғана уақыт жұмсады. 1,5 ай бойы біздің үкімет аталмыш мәселені шеше алмай, блог-турлармен айналысуда. Лобби тағы да мемлекеттен күшті болып шықты», - деді Боқаев бейсенбі күні.

«Сондықтан, менің ойымша, бізге, қоғамға өз партиямыз керек. Ол қандай бағытта, қандай миссия мен мақсаттарды көздейтінін жиында айтамын», - деп қосты саясаткер.

Ол сағат 11.00-де Алматы қаласы, Абылай хан көшесі, 53, «Меркюр Алматы» қонақ үйі, «Хан Тәңірі» мәжіліс залы, екінші қабат мекен-жайында өтетін баспасөз мәслихатына БАҚ пен сарапшыларды шақырды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер