Қазақстанға 2021 жылы 10 мың адам көшіп келіп, 32 мың адам көшіп кеткен

2781
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанның демографиялық жағдайы туралы мәліметтер дайындады. Еліміздегі халық саны бүгінде 19 миллион 125 мың 600 адам болса, оның ішінде қала халқы 11 миллион 355 мың 800 адам, ауыл халқы 7 миллион 769 мың 800 адам. Соңғы бір жылда халық саны 248,5 мың адамға немесе 1,3%-ға өсті.

Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 23,41 туылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,9%-ға артық. Қайтыс болғандар саны 183,4 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда (162,6 мың адам) 12,8%-ға артық. Жалпы өлім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 9,53 өлімді құрады.

2021 жылы елімізге келгендер саны 10 982 адамды, елден кеткендер саны 32 209 адамды, көші-қон сальдосы 21 227 адамды құрады.

Еліміздің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүзеге асады.  Қазақстаннан біржола кеткен азаматтардың саны күннен-күнге артып келеді. Өткен жылы 32 мың адам кеткен. Көбінесе азаматтар Ресейге, Германияға, Польшаға кетеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер