Нұр-Сұлтан әкімдігі 9,5 млрд теңгеге сауда үйін сатып алды

2505
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан әкімдігі сауда үйіне 9,5 млрд теңге жұмсады. Оны, жалпақ тілмен айтсақ жасырын түрде – жергілікті мәслихатқа хабарламастан сатып алған, ал сатып алудың өзі мемлекеттік сатып алу сайты арқылы да «жүргізілмеген», деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Журналист Михаил Козачков 9,5 миллиард теңгеге әкімдіктің өзіне қарасты «Астана қаласының Экономика басқармасы» мекемесі арқылы Sine Tompore сауда үйін сатып алғанын жазады. Оның ғимараты – сәулет ескерткіші, Кеңес Одағы кезінде Целиноград Цум болған. Сауда үйінің бір шаңырағының астына әкімдік барлық ұйымдарын жинауды жоспарлаған. Расында, неге екені түсініксіз.

Sine Tompore АҚ, тек сәулет ескерткіштерін сатушы қарапайым компания емес. Кеңсенің филиалдарының тізімінде косово-албаниялық Паколли отбасы бар. Бұл отбасы Mabetex құрылыс компаниясына иелік етеді. Forbes мәліметтері бойынша, Паколли Қазақстанда барлығы 1,9 миллиард доллардан астам ақша игерген.

«Егер әкімдік құрылыс жүргізуден жалтарып, дайын нысанды сатып алуды шешсе, неге мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс жарияланбады және сонау Кеңес Одағы тұсында салынған дүкеннен гөрі орталық аймақтан жаңа әрі заманауи ғимарат табылар ма еді? » - деп жазды Козачков.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер