"ҚазТрансОйл" бас директорының екі бірдей орынбасары қызметтен босатылды

4199

"ҚазТрансОйл" басқарма құрамында тағы да өзгерістер орын алды. Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметіне сәйкес, бас директордың екі бірдей орынбасары - Ален Таңатаров пен Шара Әділова қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

 - 2022 жылдың 11 ақпанындағы шешімімен Басқарма құрамына келесі өзгертулер енгізілгені туралы хабарлады: - шығарылды: Адилова Ш.Б. – бас директордың орынбасары (2022 жылдың 28 ақпанында уәкілеттіктерін мерзімінен бұрын қысқарту), Танатаров А.Б. – бас директордың орынбасары (2022 жылдың 28 ақпанында уәкілеттіктерін мерзімінен бұрын қысқарту); - Майкенов А.С. (2022 жылдың 01 наурызынан бастап Басқарма мүшесі болып сайланды), - делінген Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланған хабарламада.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "КазТрансОйл" АҚ Басқармасы бес адамнан тұрады: Арынов С.А., Мендыбаев Е., Махин Ж.Т., Исаков Ж.А., Майкенов А.С.

ҚазТАГ-тың мәлімдеуінше, 2019 жылдың 26 тамызында "ҚазТрансОйлдың" өзінің ресми сауалына берген жауабына сүйене отырып, Ален Таңатаров пен Шара Әділова (Таңатарова) бір-біріне туған ағасы мен қарындасы екенін хабарлаған болатын. Сонымен қатар, алдымен 2015 жылы компанияның топ-менеджментіне Әділова, содан кейін – 2019 жылғы 28 маусымда – Таңатаров кірді. Бұл ретте "ҚазТрансОйл" редакцияға жауап бере отырып, компанияның заңы мен жарғысы бұзылмағанын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айында "ҚазТрансОйл" компаниясын 2016 жылдан бастап басқарған бас директоры Димаш Досанов қызметінен босатылды. Досанов – Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші күйеу баласы, Әлия Назарбаеваның күйеуі. Сондай-ақ қаңтар айының соңында бас директордың екі бірдей орынбасары - Шыңғыс Сейсекенов пен Данияр Мұхамед-Рахим де қызметтерінен кеткен болатын. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket