"АЭС салу еліміз үшін неғұрлым дұрыс шешім": Ақшолақов АЭС құрылысын қолдады

3230
Adyrna.kz Telegram

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда Атом электр станциясын салу керектігін мәлімдеп, оның артықшылықтарына жете тоқталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

- Былтыр Үлбі металлургия зауытының базасында Атом электр станциялары үшін дайын ядролық отын шығаратын зауыт ашылды. Олар бүгінде Қытайда пайдаланылып немесе салынып жатыр. Сондай-ақ, ядролық отынның белсенді шығарыла басталды, - деді Болат Ақшолақов ОКҚ брифингінде.

Энергетика министрінің мәлімдеуінше, елімізде атом өнеркәсібі мен ғылым саласында 24 мыңға жуық адам еңбек етеді.

- Қазақстанның жоғары оқу орындарында 2010 жылдан бастап ядролық және техникалық физика бағыттары бойынша 3 200 кадр даярланды. Кейінгі аптада екі ел басшысы Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында осы салаға кадрлар даярлау жөніндегі меморандумға қол қойды, - деп мәлімдеді Энергетика министрі.

Ол Ресеймен келісімшартқа АЭС салу үшін емес, кадрларды оқыту үшін ғана қол қойылғанын атап өтті.

Электр энергиясының алдағы тапшылығын, әлемдік экологиялық күн тәртібіне, сондай-ақ, қабылданған бағдарламаға - көміртегі бейтараптығына көшу туралы мәлімдемеге байланысты көмір генерациясына тәуелділікті азайту қажет. Сонымен қатар, бүгінде өндірістік қуат төмендегенін, елдегі атом энергетикасын дамытудың зор әлеуетін ескеріп, АЭС салу неғұрлым дұрыс шешім болып көрінеді, - деп толықтырды Болат Ақшолақов.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер