Стати ісі: Қазақстанның Чапмэнге қарсы талап-арызы Нью-Йорк штатының сотына қайтарылды

2392
Adyrna.kz Telegram

Нью-Йорк Федералды соты Қазақстан Республикасының Нью-Йорктегі қаржыгер Дэниел Чапмэнге және оның Argentem Creek ("Чапмэн") компаниясына қарсы молдовалық олигархтар Анатол мен Габриэль Статидің кең ауқымды алаяқтық схемаларындағы рөлі үшін, оның сот ісін қабылдамау әрекеттеріне қарамастан, жалғасады деп шешті,  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2022 жылы 11 ақпанда АҚШ округтік соты (Нью-Йорктің оңтүстік округі) қабылдаған шешімдер:

  • Қазақстанның Чапмэнге қарсы талаптарын Нью-Йорк штатының сотына қайтару туралы өтінішін қанағаттандырды;
  • Чапмэннің Қазақстан талаптарын қабылдамау туралы өтінішін талап қоюшының талап қою құқығын сақтай отырып, қабылдамады;
  • Чапмэннің Outrider талаптарын қарастырмау туралы өтінішін қабылдамады;
  • Чапмэннің Outrider талаптарын ХСП-дағы төрелік тәртіпте қарауды мәжбүрлеу туралы өтінішін қанағаттандырды.

"Бұл - Қазақстан үшін өте маңызды жеңіс. Ол Чапмэнге қарсы сот ісін жалғастыруға мүмкіндік береді. Нью-Йорктегі талап-арыз бойынша, Чапмэн Статидің алаяқтығын шамамен 2012 жылы анықтаған. Алайда оған қарсы құқықтық шаралар қолданудың орнына Қазақстанды және басқа да тұлғаларды алдау мақсатында Статимен заңсыз сөз байласқан", - деп түсіндірді министрлік өкілі.

Ведомство мәліметінше, Статидің алаяқтығы - анықталған дерек. Ол Брюссель апелляциялық сотының 2021 жылғы қарашадағы шешімі бойынша расталған. Онда сот Стати Қазақстанға қарсы төрелік талқылауға дейін, талқылау барысында және одан кейін де алаяқтық әрекеттер жасады деген қорытындыға келді.

Жақында тағайындалған Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қанат Мусин бұл шешімге келесідей түсініктеме берді:

«Нью-Йорк сотының бүгінгі шешімі Қазақстанның сыбайлас  жемқорлыққа қарсы және Стати мен оның сыбайластарын  жауапкершілікке тарту жөніндегі жалғасып жатқан әрекеттеріндегі қуантарлық оқиға болып табылады. Енді Чапмэннің Стати алаяқтығына қатысқандығы АҚШ сотында толығымен ашылатын болады».

Бұл шешімге қазір Қазақстан Премьер-Министрінің кеңесшісі болып табылатын бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев келесідей түсініктеме берді:

         «Соңғы екі жыл ішінде Чапмэн американдық соттардың Қазақстан (және Outrider компаниясы) берген талап-арыздарын мәні бойынша қарауын тоқтатуға және/немесе кейінге қалдыруға барынша тырысты. Біз американдық соттардың - алдымен Вашингтонда, ал қазір Нью – Йоркте – бұл әрекеттерді қабылдамағанына және енді сот біздің талаптарды одан әрі қарайтынына қуаныштымыз».

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер