Қазақстанда аралас некенің көбейгені рас па ? - ФАКТЧЕК

3379
Adyrna.kz Telegram

«Егемен Қазақстан» газетінде 2019 жылдың 11 сәуір күні «Аралас некенің зардабы көп» тақырыбымен мақала жарияланып, қазақстандық қыздардың шетелдіктерге тұрмысқа шығуға әуес екені туралы бірқатар күмәнді деректер келтірілді. Біз бұл ақпараттың рас-өтірігін анықтап көрейік.

«Елімізде жыл сайын 100 мыңға жуық неке қиылады. Соның ішінде 20 пайызы – аралас неке. Қоғамдық ұйымдардың зерттеуіне назар аударсақ, 18-20 жас аралығындағы қазақстандық қыздардың үштен бірі (оның 50 пайызы – қазақ қыздары) шетелдіктерге тұрмысқа шығуға әуес».

«Елімізде жыл сайын 100 мыңға жуық неке қиылады»

 Үкім: Жалған

Ұлттық статистика бюросы сайтындағы мәліметке сүйенсек, 2017 жылы - 141 791, 2018 жылы –137 797, 2019 жылы 139 504 неке тіркелген. Яғни, некелер санының көрсеткіші мақалада көрсетілген сандармен сәйкес келмейді.

«Соның ішінде 20 пайызы – аралас неке»

 Үкім: Жалған

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, 2019 жылы әр түрлі ұлт өкілдерімен жыл ішінде 1173 неке немесе әрбір сегізінші жұп тіркелді. 139 504 мыңның 20%-ы аралас неке болса, 27 900 мың аралас неке болуы керек еді. Демек, бұл да жалған мәлімет.

«Қоғамдық ұйымдардың зерттеуіне назар аударсақ, 18-20 жас аралығындағы қазақстандық қыздардың үштен бірі (оның 50 пайызы – қазақ қыздары) шетелдіктерге тұрмысқа шығуға әуес»

 Үкім: Жалған

Ұлттық статистика бюросы мәліметіне сүйенсек, 2019 жылы жалпы некеге тұрғандар санынан 14,4%-ға жуығы ерлер - қазақтар өзге ұлт әйелдермен некеге тұруды жөн санаған, әйелдер - қазақтар – 9,9%. Яғни, аталған пайыздық көрсеткіш мақаладағы сандармен сәйкес келмейді.

Зарина ӘШІРБЕК,

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер