Атамбаев Назарбаев туралы: Көтеріліс кезінде қаза тапқан қазақтарды еске алғысы келмеді

7254
Adyrna.kz Telegram

Қырғыз социал-демократтар партиясының жетекшісі Темірлан Сұлтанбеков 2016 жылы Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев пен Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арасындағы жанжалдың себебін, оның 1916 жылы Орта Азиядағы Ресей империясына қарсы көтеріліс кезінде қаза тапқан қазақтарды еске алуды қаламағандығымен байланыстырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Жақында экс-президент Атамбаев Қазақстандағы қайғылы қаңтар оқиғасы туралы мәлімдеме жасады. Оның бұл сөзін бауырлас қазақ халқы жылы қабылдады. Өз мәлімдемесінің мәтінінде Алмазбек Атамбаев Нұрсұлтан Назарбаевтан 2016 жылдың қыркүйегінен кейінгі істеген ісінен соң, көп нәрсе күтпегенін ешкімге құпия емес екенін атап өтті. Әрине, Алмазбек Шаршенұлы қарапайымдылығының арқасында 2016 жылдың қыркүйегіндегі оқиға туралы бұрын-соңды айтпаған және кейінірек айтуы да екіталай еді...», - деп жазды Сұлтанбеков әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен бірге ол Қырғызстан мен Қазақстан халықтары ғана емес, тіпті жоғары саяси топ өкілдері де Атамбаев пен Назарбаевтың қарым-қатынасының үзілуінің себебі, Қырғызстанның бұрынғы президентінің 2017 жылы қазанда Қазақстанның тұңғыш президентіне қарсы сөйлеген сөзі себеп болды деп ойлап жүргендігін айтты. Бірақ себеп бұл емес болып шықты.

«Сонымен 2016 жылдың қыркүйегінде экс-президент Алмазбек Атамбаев қандай оқиғаларды атап өтті? Қыркүйек айының басында бүкіл қоғамға үлкен серпін беріп, әрбір қырғыз азаматын ұлтжандылыққа шабыттандырған және еліміздің кемел келешегіне сенім ұялататын дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті. Ал келесі күні ТМД елдерінің мемлекет басшылары қатысқан ТМД Кеңесінің мерейтойлық отырысы өтті.  Келесі күні, 2016 жылдың 17 қыркүйегінде президент Алмазбек Шаршенұлы Атамбаев 60 жасқа толды және оны құттықтауға келгендер көп болды», - деп нақтылады қырғыз саясаткері.

Оның айтуынша, таңертең Молдова президенттері мен премьер-министрі 1916 жылы қаза тапқандардың ескерткішіне гүл шоқтарын қою үшін Ата-Бейітке мемлекеттік резиденциядан шығуға дайындалып жатқан.

«Қайғылы оқиғалардың 100 жылдығына орай еске алу шараларын өткізу туралы шешімнің қабылдануы тәуекелді қадам болғанын айта кету керек, өйткені бұл қырғыз-ресей қарым-қатынасына кері әсерін тигізуі мүмкін, бірақ мұны істеу бұл біздің ұрпақтың ата-баба алдындағы парызы еді. Бұл мәселеде Мәскеу мен Бішкек арасында талай дау болғанын білеміз. Ғалымдар мен тарихшылардың деректері бойынша Үркүн (Орталық Азиядағы Ресей империясына қарсы қырғыз көтерілісі – авт.) кезінде 200 мыңға жуық ата-бабаларымыз қаза тапқан. 1916 жыл аңыздарда, қасіретті оқиғасымен, орны толмас қазасымен халқымыздың жадында мәңгі қалды. Осының бәрі 100 жыл бойы халықтың жан дүниесінің тереңінде сақталды – бұл туралы айтпау, жазбау мүмкін емес еді. Біздің ата-бабаларымыздың он мыңдаған мәйіттері ешқашан тиісті дәрежеде жерленген жоқ, бұл сұмдық оқиғаны еске алу бізге бейбіт өмір сүруге мүмкіндік бермеді», - деді Сұлтанбеков.

Ол Атамбаевтың жарлығының арқасында 2016 жылы Қырғызстанда барлық тау жоталарында, асуларда адамдардың сүйектерін жинағанын, жерлеу рәсімдерін өткізгенін, адамдар қайтыс болғаннан кейін 100 жыл өткен соң рухын тыныштандыру үшін дұға оқып, фильмдер түсіргенін, сурет салғанын, кең талқылау өткізіп, ескерткіштер қойылғанын айтып өтті.

«Ал 2016 жылдың 17 қыркүйегінде мемлекет басшылары, соның ішінде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин де мемлекеттік резиденциядан 1916 жылғы мемориалға гүл шоқтарын қою үшін шыққалы жатқан болатын. Алайда олар кетер алдында жиналып тұрғандарында, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді кері сүйреп, «Ата-Бейітке» бармауға көндірді, өйткені бұл Ресейге қарсы іс-шара болғандықтан, мұндай оқиғалар Қазақстанда болмағанын айтып оны ойынан айнытқысы келді. Қазақстанда Ресейге деген құрметтің арқасында мұндай шаралар болмағанын, ал Путиннің қырғыз ескерткішіне барып гүл шоқтарын қоюы, қазақ елінің төмен деңгейге түсіп қаларын айтқысы келген болар. Сонымен бірге ол Атамбаевты ұлтшыл және ұлтаралық араздықты қоздырушы деп атады. Ал Атамбаев Назарбаевқа қайғылы оқиғада қаза тапқан ата-бабаларын еске алуға ешкім оған кедергі келтірмегенін, оның жасында тек Құдайдан қорқу керектігін айтты деп жауап берді», - деп нақтылады саясаткер.

Оның айтуынша, екі президент арасындағы қызу айтыстан кейін Путин ойға шомып, соған қарамастан Армения президенті, Молдова премьер-министрі және Атамбаевпен бірге қайғылы оқиға құрбандарын еске алуға барған.

«Бұл, менің ойымша, Ресей Президентінің даналығын көрсетеді. Нәтижесінде Назарбаев бірден әуежайға барып, Астанаға ұшса, Путин 1916 жылғы қайғылы оқиға құрбандарына арналған мемориалға гүл шоқтарын қойғаннан кейін Атамбаевпен бірге Қой-Таш ауылындағы резиденциясына барды" деп жазды Сұлтанбеков.

Пікірлер