Бала ұйықтатып отырып, сабақ оқыған бүлдіршін көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)

2561
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде бала тербетіп отырып сабақ оқыған қыздың видеосы тарап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы exk.kz-ке сілтеме жасап. 

Бейнежазбада шамамен бастауыш сыныпта оқитын оқушы қыздың аяғына жастық қойып, оған бауырын жатқызып, тербетіп жатқанын көруге болады. Осы сәтте өзі сабағын орындап отырады.

Видеоны көрген желі қолданушылары кішкентай қыздың бауырмалдығына риза болды. Көбі оған аяушылық танытып, қисайып отырып сабақ орындау баланың денсаулығына зиян екенін алға тартты.

 

"Кішкентайымыздан тірлік жасадық. Жаман болған жоқпыз. Қайта қазірден бастап бауырмашыл болып өседі", "Әрине, жақсы. Бірақ сабақты түзу отырып жасау керек. Омыртқасына зиян", "Балаға ауыр ғой", "Ең болмағанда сабақ оқығанда балаларға өзіміз қарайықшы, аналар", "Жерде қисайып отыру қиын. Бастан өткен", "Мен де інімді осылай бағушы едім", "Айналып кетейін, ақылды қыз", "Менің қызым да інісіне қарайды. Бауыр деген осындай болуы керек", "Қарсымын. Қыз баланы үй шаруасына үйреткен дұрыс. Бірақ алдымен сабағын оқысын", "Обал ғой, өзіміздің аяғымыз талып кетеді" деп жазды желі қолданушылары.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер