"Қаңтар қасіреті": ҰҚК билікті күшпен басып алмақ болды - Бас прокуратура

2678
Adyrna.kz Telegram

Алматы, Алматы және Қызылорда облыстары ҰҚКД лауазымды тұлғалары еш әрекет етпеді. Бұл туралы арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров мәлімдеді,  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Алматы, Алматы және Қызылорда облыстары ҰҚКД лауазымды тұлғалары еш әрекет етпеді. Құқық қорғау органдарының кейбір басшылары құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған арнайы бөлімшелердің іс-әрекеттерін әдейі бұғаттады деген нұсқаны қарастырып жатырмыз", - деді Ожаров ОКҚ брифингінде.

Бұл деректер бойынша арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

"Сонымен бірге, ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау және билікті күшпен басып алу әрекеті туралы қылмыстық істерді тергеп жатыр. Бүгінде ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы мен оның екі орынбасары қамауға алынды. Билікті асыра пайдаланды деген күдікпен ҰҚК "А" арнайы мақсаттағы қызметі директорының бірінші орынбасары және осы қызмет орталығының бастығы ұсталды. Қылмыстық іске "өте құпия" белгісі берілген, сондықтан ұлттық қауіпсіздік мүддесінде тергеудің мән-жайын ашуға болмайды", - деп толықтырды арнайы прокурорлар қызметінің бастығы.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер