ЕРЛАН ҚАРИН: Әбдіжәміл Нұрпейісов тік сөйлеп, тура кессе де, елдікке, мемлекетшілдікке қызмет етті!

2229
Adyrna.kz Telegram

Соңғы үш күнде барша Алаш өз Әбесін жоқтап жатыр. Бүгін Алтай мен Атыраудың, Қаратау мен Алатаудың, Сыр мен қырдың арасынан жиналған қалың жұрт абыз ақсақалымызды мәңгілік мекеніне жайғастырып, соңғы парызын өтеді.

Әбенің​ өміріне​ тұтас​ бір​ ғасыр​ сыйып​ кететін.​Сондықтан​ бүгін​ біз​ Әбеңмен​ ғана емес, тұтас​ бір​ дәуірмен қоштастық.​ Қазақ​ қоғамының​ ғасырлық​ куәгерін,​ ұлт​ әдебиетінің​ шежіресін​ бақиға аттандырдық.

Әбдіжәміл Нұрпейісов тік сөйлеп, тура кессе де, елдікке, мемлекетшілдікке қызмет етті. Ол осы өмірден өтіп бара жатып та бізді бірлікке шақырғандай.

Өйткені Қазақстанның​ әр​ түкпіріндегі​ қарапайым​ азаматтардан​ бастап, ел алдында​ жүрген​ қайраткерлерге​дейін Әбдіжәміл​ ағамызды​ соңғы сапарға шығарып​ салу рәсімін ауызбіршілікпен атқарды. Елдігіміз көрінген, бірлігіміз танылған іс болды.

Қош болыңыз, абыз аға! Жатқан жеріңіз жарық, жайыңыз жұмақ болсын!

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер