Қысқы Олимпиадаға Қытай атынан екі қазақ қыз қатысуда

9035
Adyrna.kz Telegram
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында Қытай елі атынан екі қазақ қыз өнер көрсетуде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Олар:

Шаңғышы Бания Жәлен 1999 жылы Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы (ШҰАР) Алтай аймағының Зимунай ауданында дүниеге келген. Ол шаңғымен кәсіби түрде 2017 жылы айналыса бастады, ал төрт жылдан кейін шаңғы жарысынан Қытай әйелдер командасының мүшесі болды. 2021 жылдың қараша айында Шыңжаңның «Ыстық бұлақ» сериясы бойынша жалпы старттан әйелдер арасындағы жарыста 30 шақырымдық қашықтықта 1:28:36,8 нәтижемен екінші болды.

Конькимен жүгіруші Ақнар Ардақ 1999 жылы Қытайдың ШҰАР-ында дүниеге келген. Конькимен жүгіруден республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Қытай құрамасының мүшесі ретінде ол 2020 жылы АҚШ-та өткен конькимен сырғанаудан төрт құрлық чемпионатында 3:14:15,3 нәтижемен әйелдер командасының қола жүлдесін жеңіп алды. 2022 жылы қаңтарда Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу жарысында Қытай құрамасының мүшелері арасында Ақнар Ардақ 3000 м және 5000 м қашықтықта екі рет бірінші орынды иеленді.

Бұл туралы Аршат Ораз өзінің Facebook парақшасында жазды:
Қытайлық 2 қазақ қыз шықты бүгін жарысқа. Конькиден жаңа Ақнар Ардақ бірінші жұпта олимпиада аңызы неміс Пештейннен озды. Енді жалпы нәтижесін күтеміз.Комментаторлар қандастарымызды да айтып отырса деген тілек. Бұл спортшылар туралы алдын ала ақпарат шықты ғой Олимпиада алдында. Ақнар туралы ештеңе айтпады жаңа. Талай жүлде алып жүрген спортшы. Ересектерге енді ғана шығып жүрген сияқты.
Пікірлер