Ата-ананың бала тәрбиесіндегі алар орны

3889
Adyrna.kz Telegram

«Баланы бастан» деп қазақ халқы тегін айтпаған. Ал бала тәрбиесіндегі ата-ананың, бала өскен ортаның маңыздылығы қаншалықты?

Тәрбие тал бесіктен. Өмір сүруде тәрбиенің алар орны аса маңызды. Отбасыдағы көрген тәрбие баланың келешектегі өмірінің іргетасын қалайды. Бала тәрбиесінде ата-ананың алар орны аса маңызды. Адам баланы емес әуелгіде өзің дұрыс тәрбиелей алса болғаны. Балаға қаншама рет сөзбен айтсаңда ол  көргенін істейді. Әйел адам бойына бала біткеннен өзің дұрыс бағытта тәрбиелеп, тек жақсы дүниелерді ойлау арқылы баласының қалыптасуына тікелей әсер етеді.

Уақыт өте бала мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап оның тәрбиесіне ұстаздар қауымы мен қоршаған ортасы әсер ете бастайды. Халқымызда «баланы 5 жасқа дейін патшандай күт, 5 – 15 жасқа дейін құлыңдай жұмса, 15 жастан ары қарай досыңдай сырлас» деген ұлағатты сөз бар. Бір адамның ғұмыр бойындағы тәрбиесін екауыз сөзбен қорытып берген. Тәрбиесі жақсы баланың өмірі де жақсы болары анық. Жасөспірім шақта баланың тәрбиесі толықтай қалыптаса бастайды. Бұл уақыт бала үшін өте жауапты кезең. Әрқилы дүниелерге қызығып, бәрін көргісі, білгісі келетін шақта ана-анасының дұрыс жолды бағыттап тұруы маңызды. Баласымен сырласып, маңызды тақырыпта көп сөйлесу арқылы бала өзінің ата-анасы үшін керекті жан екенін сезініп өмірге, келер күнге деген көзқарасын өзгертеді. Бала өмірінде ата-ананың алар орны зор. Ата-анасы тарапынан мейірім мен жанашырлықты көріп өскен бала келешегі өзіде өзгелерге сондай қарым-қатынаста болады. Бойына мейірімнің сәулесін сіңіріп оны өзгелерге шашу адам тәрбиесінің биік екенін көрсетеді.

Бекзат ТУЛЕПБЕРГЕНОВ,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер