Мемлекеттік бастамаларға елбасының келісімін жою туралы түзетулер бірауыздан мақұлданды

4921
Adyrna.kz Telegram

Парламент Мәжілісінің депутаттары Сенаттың мемлекеттік бастамаларына елбасының арнайы келісімін жою туралы түзетулермен бірауыздан келісті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Stan.kz сайтының мәліметінше, 27 қаңтарда сенаторлар Мәжіліс мақұлдаған заңнамаға Қауіпсіздік кеңесі мен ҚХА-ны мемлекет басшысы басқаратыны жөніндегі өзгерістерді қабылдағае болатын. 

Заң жобасын талқылау барысында сенаторлар тағы бір түзету енгізді.

Олар "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" заңнан сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша бастамалар Елбасымен келісіледі деген норманы алып тастауды ұсынды. Түзетілген заң жобасы мәжіліске қайтарылды.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер