Үтікпен күйдірген: аяусыз азаптаған жазықсыз жанның жақындары үндеу жолдады (ВИДЕО)

12290
Adyrna.kz Telegram

"Қаңтар" көтерілісі кезінде Талдықорғандағы экс-президент Назарбаевтың ескерткішін құлатқан көлікті жүргізді деп айыптап, көк-ала қойдай етіп сабап тастаған ер азаматқа халық араша сұрауда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Полиция өкілдері көтеріліс кезінде Назарбаевтың ескерткішін құлатты деп айыпталған ер азаматты соққыға жығып, кінәсін мойындатқызбақ болған. Оны аямағаны соншалық денесінің сау тамтығын қалдырмай, үтікпен күйдіріп, бүйрегін езіп жіберген, дейді видео авторы.

Азаматтың ауылдастары мен жақындары президент Тоқаевқа үндеу жолдады:

"Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев!
Қайғылы Қаңтар оқиғасында қаза тапқандарға қайғыра көңіл айта отырып, осы оқиғаға байланысты жазықсыз тұтқандалған азаматтарға араша сұрағымыз келіп отыр. Нақтырақ айтар болсақ, Қапал ауылының тұрғыны әңгіме Батырбаев Азамат жайында. Біз оның ауылдастары ретінде Азаматтың үлгілі отбасында тәрбиеленгенін және өзі де бес бала тәрбиелеп отырғанын білеміз. Дәлелсіз сөзін негізге алып, адамға айып тағуға болмайды ғой. Біз араша сұраймыз!"

Көпшілік қалауы, мүгедек анасы, зейнет жасындағы әкесі, бес баласы бар нақақтан-нақақ айыпталған Азаматтың бас бостандығы.

Пікірлер