Ұлы арман жолында...

2748
Adyrna.kz Telegram

Қазақтың бірлігі мен елдің тұрақтылығына әрқайсымыз жауаптымыз. Бұл ұстанымның яғни тәуелсіздіктің құнының қандай екендігін, осы қаңтардағы ереуілдер көрсетті. Бұл, бір ғасырлық оқиғаларды бірнеше күнге шоғырландырған тарихтың кульминациясы Жаңаөзенде бейбіт шерумен басталып, Алматы, Талдықорған, Ақтөбе, Таразда ... Әкімдіктердің ғимараттары мен автомобильдерді өртеп, ұрлық, адамның басын кесуге дейін бару..., ҰҚК басшыларының мемлекетке сатқындығы... осы жағдайда мемлекет тұтастығы мен тұрақтылықты сақтап қалу мақсатында Ақорданың ОДКБ әскерін шақырып, ереуілшілерге оқ атуға лұқсат берді. Осындай қым-қиғаш оқиғалардың бір уақытта, бір жерде болуы, алдымен авторитарлық биліктің құрсауын төңкеріп, зұлымдықтың қамалын қиратқан қазақтың асқақ рухының көрінісі еді. Бұл, біздің жастар көрсеткен Кеңес Одағы күйреуінің ізашары болған «Желтоқсан-86»-ның жалғасы. Ол ереуілді содырлардың өз мақсаттарына пайдаланғаны, оның артын жүздеген адамның өліміне әкеліп, трагедияға айналдырды.

Бұл ереуілдер қазақтың әрі-бері өткен жолын саралап, сабақ алатын және бодандық санадан арылып, әділетті-азат қоғам құрудағы болашақ жолын анықтайтын қан мен кек, өмір мен өлім арпалысқан бір ғасырда өзгеретін сананы бір тәулікте өзгерткен, ғасырға бергісіз уақыт болды.

Әділет іздеп және бұрынғы озбыр биліктің кетуін талап еткендер мен ел тәуелсіздігін сақтап қаламыз деген биліктің мақсаттары бір болды. Бірақ, бұл жердегі мәселе қазақтың әлі де бір мақсат пен мұратты бірдей ойламауынан туындайтын олардың арасында ұлттық идеяға негізделген бірліктің жоқтығын көрсетті (Әкім Ж.М. «Түркі өркениеті негізіндегі қазақ идеясы» (монография). Алматы, 2008. Abai.kz). Біз осы уақытқа дейін қазақ идеясы мәселесін көтеруге қорқатын қорқаулар қоғамындамыз.

Бұл, ереуілдің келесі ерекшелігі, - ол айыр саналы коррупциялық жүйеге айналған постотарлық қоғам мен тәуелсіздік кезінде өсіп, елді өркениетке апаратын буын арасындағы күрес.

Бұл ереуілдер Қазақстанның жарқын болашағы, яғни «Ұлы арман» жолындағы күрес болды! Оның мақсаты, озбырлыққа негізделген авторитарлық билікті құлату еді. Озбырлық қамалы яғни «Бастилия құлады». Енді оның қирандыларын құрастырып, жаңа қоғам құру алдағы күндердің міндеті. Ескі қоғаммен бірге, оның негізін салғандар да тарих сахнасының төрінде қалған жоқ, табалдырығына... кетті. Олар елдің есінде жақсылығымен бе, зұлымдықтарымен қалады ма, оны уақыт көрсетер. Ал, тірі адамдар тіршілігін істеу керек.

Алдағы бірнеше жылда ел, болашағын Қ.-Ж.Тоқаевтпен байланыстырады. Олигархиялық кландар мен коррупцияға араласпаған оған ел осы уақытқа дейін сенді..., бұдан кейін де сенуі елге істеген ісімен көрінеді. Себебі, елдің болашағы соған байланысты! Осы жолдардың авторы еліміздің 30 жылда өткен жолы, оның ішінде Президент.Тоқаевтың қызметі мен Қазақстанның болашағына арналған

«Тәуелсіздіктің бұлдыр жолы» («Неисповедимые пути независимости». Известие Международной Академии КОНКОРД, Париж, 2021, №3, С.9-42. http://academie-concorde.blogspot.com) сараптама мақаласында Қазақстанның өткені, бүгіні және арайлы ертеңіне кеңірек тоқталады.

«Қаңтар-2022» ереуілдері елді алаяқ, мәңгүрт, коррупционер яғни содыр билік басқарғанда, қоғамда оған қарсы күштердің пайда болатынын көрсетті.

«Желтоқсан-86», «Жаңаөзен-2011» және «Қаңтар-2022» ереуілдерінің тарихи себептерін жан-жақты сараламай тұрып біз «бірлігін сақтайтын ел, ұрпағына ұлағатты тәрбие беретін, рухы асқақ, өркениетті ұлт бола аламыз ба» деген сұрақтар алдымыздан шыға береді. Бұл сұраққа жауап бермей тұрып біздің қоғамдағы парақорлық, коррупция, трайболизм, мәңгүрттік т.б. менталитетіміздің құрамдас бөлігіне айналған, өркениетке жат қылықтардан арылу қиын болады.

2016ж жерге байланысты ереуілдер мен «Қаңтар-2022» қоғамдағы мәселелерді көшедегі қақтығыстармен емес, Президент, не Үкімет жанынан құрылған Комиссияда қоғаммен келісу арқылы шешудің тиімділігін көрсетті. Сол жылы «Қазақстан Альянсы» (ҚА) қауымдастығының (тіркелмеген) ұсынысымен Ақорда 2016ж мамырда жерге мораторий жариялап, Үкімет жанынан комиссия құрды, 1760 мың адамға жер беруге шешім қабылдап, Үкіметті отставкаға жіберді.

ҚА 2012ж қоғамдағы диаспоралар, Одақтар, қауымдастықтарды, кәсіпкерлер, зиялыларды... яғни қоғамды біріктіріп, елде қалыптасқан мәселелерді келісім арқылы шешу үшін құрылған (Қосымша 1). Себебі, 2009ж күзде билік екі рет «Қытайға жер береміз» деп жарияласа, 2011ж дайындалған «Доктрина…» деген құжаттың жобасында бұл елде қазақ деген халық жоқ болып шықты?! ҚА келесі негізгі міндеті осындай қалаймақанды тоқтату еді.

Әр атқан таң Қазақстан тарихындағы елеулі рөл атқарған «Қаңтар-2022» ертеңгі күннің үлесіне айналдыруда. Сол күндерге құрмет ретінде және Ұлт пен қоғамды біріктіру және еліміздің тарихы алдында адал болу үшін, Қазақстанның болашағы жолында зардап шеккендер мен мерт болғандардың рухына арнап ортақ ескерткіш орнату қажет!

«Ұлы арман» немесе Мәңгілік ел жолындағы келесі міндет, - ол қоғамды авторитарлық режимнің құрсауынан тазартып, «Жаңа Қазақстан» бағдарламасын іске асыру.

Жанұзақ Мендешұлы ӘКІМ,

Халықаралық Адам институтының президенті

Қосымша 1

 

«Қазақстан Альянсы» қауымдастығы атқарған негізгі істер

2012ж.

- мемлекеттік тіл туралы Үкімет қаулысының қабылдануына мұрындық болды;

-Ресейде, Петербордан-Иркутскге дейін қазақ тілін үйренетін 32 топ аштыру;

 

2013ж.

- 20 жылда мемл тілде бірде-бір оқулық, не монография жазбаған 46 университетті қысқарту (оптимизация);

2014ж.

- мемл тілді меңгермеген Төтенше жағдай Агенттігін жаптыру;

- Президент Әкімшілігімен бірге елдегі барлық жетім балалар үйлері, бала бақша, мектеп, колледж, универлердегі он бес жылдағы мемл тілдің даму тенденциясын саралау;

2015ж.

- екі АЭС салуды тоқтатуға атсалысу;

- киіктің жаппай қырылуына байланысты Үкімет Комиссиясын құрғызу;

- қандастардың елге келуіне үш жыл жарияланған мораторийді бұздырып, олардың елге келуіне жол ашу;

2016ж.

- Жер сатуға мораторий жариялату;

- Үкімет жанынан жер Комиссиясын құрғызу;

- ҚХР сотталған ҚР студентінің өлім жазасын жеңілдету;

- 1760 000 адам жер алды;

- 24.08.16. Жер сатуды қолдап жүрген Мәсімов Үкіметін отставкаға кетіру;

2017ж.

– Бас прокуратура білім сапасы төмен 22 универдің лицензияларын қайтарып алып, олардың біразын академияға түсірді және жабуда;

2018ж.

-2025 жылға дейін жастарға арналған екі млн пәтер салуға бюджеттің бағдарламасына кіргізді;

2019ж. - елде АЭС салуды тоқтатуға атсалысу;

2020ж.

- «Борат-2» фильмінің әлемге тарап, кинофестивальдерде көрсетуге тиым салу;

- Тәуелсіздік күні әлемнің мегаполистерінде Қазақстанның туын көтеру (әр жыл сайын)...

Осы жылдарда екі облыстың төрт әкімі ҚР қарсы Көкшетауда митинг ұйымдастырғаны, казактарға қаржы бөлгені т.б. үшін жұмыстан кетті. Альянс өткізен 50-ден астам акцияларына ресми органдардан 430-дай жауап хат алды.

Пікірлер