Маңғыстауда жаңа мұнай кен орны табылды

3890
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысындағы «Өзен» кен орнында қосымша барлау жолымен жаңа мұнай шоғырлары табылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Нәтижесінде алынатын мұнай қорының өсімі 39,9 млн тоннаны құрады.

Көмірсутектер қорының өсуі компанияның экономикалық көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етеді.

«2017 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС геологтар тобы «Өзен» кен орнын қосымша барлау бойынша егжей-тегжейлі бағдарламаға бастамашылық етті. Осы бағдарлама аясында 2017-2021 жылдар аралығында 3D сейсмикалық барлау жүргізіліп, геологиялық тұжырымдама қайта қаралды және геологиялық 3D моделі құрылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша кен орнының құрылымы нақтыланып, жаңа мұнай кен орындары ашылды. Сондай-ақ, «Өзен» кен орнындағы мұнай қоры 8%-ға өсті, бұл сандық мәнде алынатын қордың 39,9 млн тоннасын құрайды»,– делінген хабарламада.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер