Алматыдағы метро бекетінің жанынан оқ-дәрі табылды (ВИДЕО)

2268
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы метро бекетінің жанынан оқ-дәрі табылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оны полицияның Дозор есімді ізкесуші иті тапты.

Түске таман инспектор-кинолог “Абай” бекетіне іргелес аумақты аралап шықты. Бір кезде жарылғыш заттарды іздеуге машықтанған қызметтік ит иісті сезіп, серіктесін шыршалары бар алаңға жетеледі. Оның бірінің астынан 5,45 калибрлі Калашников автоматының 30 дана патроны және екі бірлік жарықшулы граната табылды. Оқ-дәріні Медеу аудандық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы процессуалдық тәртіпте тәркіледі. Олардың нақты тиесілігі тергеу барысында анықталады, – деді Метрополитендегі Полиция басқармасының бастығы Ерік Насырбеков.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер