Руза Бейсенбайтегі: Кереку әкімі мен күштік құрылымдар басшыларының түгелдей орнынан кетуін талап етемін!

1317

Редакциямызға тіл жанашыры, әділеттік іздеуші, күрескер Руза Бейсенбайтегі хабарласып, Павлодар облысындағы полиция қызметкерлерінің әсіресілтеушілік әрекеттері мен қатыгездіктері туралы айтып берді.

Оның айтуынша, елімізде болған жаппай наразылық кезінде керекулік бірнеше белсенді, Кереку Университетіндегі 4-курс студенттері,  Моңғолиядан келген бірқатар қандастарымыз жазықсыз ұсталып, олардың бір тобы 15 тәулікке түрмеге қамалған.

— Сот студенттерге одан сорақысын жасады, 15 тәуліктен кейін депортациялауды шешті,  дегенмен Президенттің тапсырмасына орай оларды ертерек шығарды және оқуында қалдырды. Ал белсенділердің жағдайына келсек, 6 қаңтарда керекулік  2 белсенді жігіттің қамалғанын естіп, бірнеше күн бойы  қалалықішкі істер басқармасына,  ішкі істер департаментіне, штабқа  қоңырау шалдым, тіпті бардым да. Әділдік бар болса, сол кезде екеуін босататынына сендім.  Өйткені бұл жігіттер 5 қаңтардағы бұзақылықты көргеннен кейін өздері полицияға "халықтан жасақ жасап көмектесейік" деген ұсыныспен барған. Бірақ жолда полиция тоқтатып, әділсіз сот оларды бірнеше тәулікке қамады. Яғни полиция, өздеріне көмекке келгендерді соттатты! Осы жағдайды көріп, шыдамай, өзім ІІБ барып, басшысымен сөйлесуге бекіндім. Алайда ол жердегілер мені ішке кіргізбеді, дегенмен әрең сол жердегі ботырған басшы Д.Бекке кірдім. Ол өте дөрекі сөйледі.  Нәтижесінде әділдікті  соттан іздеңіз  деп шығарып салды. Алайда әділдікке қол жеткізбек болған маған құқық қорғау органдары 91 мың теңге айыппұл салды да, жігіттерге еш апелляция  жаздырмай, іле сыртқа шығарып жіберді, — дейді белсенді.

Руза Бейсенбайтегінің айтуынша, Керекуде әкімшілік соттарға адамдар тек күшпен апарылады. Ол мекемеде адам құқығы қорғалмайды.

"Ұлттық мүдде, тәуелсіздікке, экологияға алаңдау, жер үшін шықтың ба, бітті, қылмыскерсің  Кереку өңірінде!... 30 жыл әр түрлі әділсіздіктерге шыдап келген халық айналасы 4-5 күнде Қазақстанның еш облысы қалмай көтерілгені бұларды еш ойлантпай отыр.

Сөз соңында айтарым,  басты құндылық — Тәуелсіздігімізге қауіп төндіріп отырған Кереку өңірі әкімін, облыс, қаланың күштік құрылымдары басшыларының түгелдей орнынан кетуін талап етемін!, — дейді Р.Бейсенбайтегі.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket