ДОСЫМ САТПАЕВ: Билік елдегі мәселені көру үшін біреудің жапа шегіп, біреудің қайтыс болуы міндет пе?

32394
Adyrna.kz Telegram

Қазір қарасам, президент кедейлік, табыстың төмендігі, әлеуметтік стратификация туралы мәселені алға тарта бастапты. Құдды кеше ғана оянғандай. Бүкіл шенеунік және депутаттық армия дамыған 30 ел қатарына енер кезде шулағандай, олар да жаңғырық сияқты бүгінгі елдегі мәселеге мән бере бастады. 

Негізінде оларға, не туралы шуылдайтыны маңызды емес жеп отырған нандарынан айырылмаса болғаны. Бірақ шамамен бір жыл бұрын біз бұл тақырыпты YouTube-тегі «AuditoriumQZ» атты арнамда арнайы көтерген болатынбыз, себебі елдегі осы сынды мәселелер шегіне жетіп қалған еді. Соның ішінде балалардың кедейлігіне баса назар аудару қажет еді. Бірақ ол кезде билік оған аса мән бермеді. Сірә, осы кезде олар елдегі вирустық жайттың ахуалы көңіл көншітпесе де, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлауға қызу дайындалып жатқан болар. Түсінемін, қайғылы қаңтар оқиғасы қазір билікті дүрліктіруге мәжбүр етті. Бірақ, билік елдегі мәселені көру үшін  біреудің жапа шегіп, біреу қайтыс болуы міндет пе? Онсыз да өршіп тұрған жалынды сөндірген «өрт сөндірушілердің» жақындауы өзінің қауіптілігін әлдеқашан көрсеткен. Ал сарапшылар ертең жағдай ушығып кетуі  мүмкін және оның алдын алу үшін не істеу керек десе, билік жайлылықтағы күлгін көзілдірігін шешіп қана қоя салып, мұрындарын шүйірмей, айтылған болжамға құлақ асып, нақты қорытындылар жасауы қажет.

Пікірлер