Алматыдағы қырғынға қатысқан содырларды жерлейтін орындар анықталды

1835
Adyrna.kz Telegram

Құқық қорғау органдары Алматыдағы қырғынға қатысқан содырларды жерлейтін орындарды анықтаған. Бұл туралы блогер Бейбіт Әлібековке полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Біз олардың жерленетін жерлерін белгілейміз. Негізі,қазірдің өзінде ол жер белгілі. Орнатылды", - деді Әбдірахманов.

Рустам Әбдірахманов содырлардың неге мәйітханадан мәйіттерді ұрлап кеткенін түсіндірді.

Бұл амал не үшін істеледі? Мысалы, адамның денесі біздің қолымызда болса, жеке басын анықтауға мүмкіндік туар еді. Бұл жағдайда оларға мәселе туындайды. Сол үшін өздерімен бірге олар бар мәйітті алып кетті, деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы ПД бастығы Қанат Таймерденов содырлардың 7 рет мәйітханаға шабуыл жасап, 41 адамды ұрлап кеткенін айтқан болатын. Оның айтуынша, олар полиция ғимараттарына 27 рет шабуыл жасаған.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер