ҰҚШҰ бітімгерлерінің соңғы партиясы Қазақстаннан кетті

1885
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/izobrazhenie_2022-01-19_150653.png
РФ әскери-көлік авиациясының соңғы төрт ұшағы Қазақстаннан Ресейге ұшып кетті,. Ішінде ҰҚШҰ күштері мен бітімгерлер жетекшісі бар, деп хабарлады РИА Новости Ресей Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Осы төрт ұшақпен генерал-полковник Андрей Сердюков бастаған бітімгерлердің соңғы бөлімшелері мен бітімгершілік контингентінің қолбасшылығы үйлеріне оралған.
"Бортта бітімгерлері бар Ресейдің әскери-көлік авиациясының төрт ұшағы Қазақстанның Нұр-сұлтан және Алматы әуежайларынан ұшып шықты", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Ресейдің әскери-көлік авиациясының ұшақтарымен Армения, Беларусь, Тәжікстанның бітімгершілік контингенттері үйлеріне қайтқан. Қырғызстаннан келген бітімгерлер штаттық техника мен қару-жарақпен колонна құрамында шеру жасап, үйлеріне оралды. https://youtu.be/3th7ZjDZx2I  
Комментарии