Зияткер оқушылардың жобасы – көру қаблеті бұзылған жандарға керемет мүмкіндік бере алады

8635
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары нашар көретін және зағип жандарға арналған шлем концепциясын ойлап тапты.

Виктор Кохно мен Максим Сурин автономды шлемнің көмегімен қалада өздігінен және қауіпсіз қозғалуға болады, осылайша зағип адамдардың күнделікті өмірін айтарлықтай жеңілдетеді деген қорытындыға келді.

Өзіңізді қараңғылықта елестетіп көріңізші, сіздің алғашқы әрекеттеріңіз қандай? – дейді әзірлеушілердің бірі Виктор. - Сіз қай жерде екеніңізді түсіну үшін дыбыстарды тыңдай бастайсыз, айналаңыздағы заттарды сезе бастайсыз.

Бұл әдістерді дүние жүзінде 36 миллионнан астам зағип адам қолданады. Әрбір зағип адам сенсорға, дыбыстық сигналдарға, жеке көмекшілерге және экраннан оқу құралдарына тікелей тәуелді.

Тек Қазақстанда 160 мың көру қабілеті нашар адам болса, Алматы облысының «Зағиптар қоғамында» ~1500 адам тіркелген.

Бұл мәселені шешу үшін Зияткер оқушылар көруге мұқтаж жандарға шлем ұсынуда.

Жұмыс барысында оқушылар облыстағы «Зағиптар қоғамында» болды. Зағип жандармен ондаған сұхбат жүргізгеннен кейін прототипті жобалау факторларын анықтай алды.

Шлемде қуат түймесі, кең экранды камера, банк картасының көлеміндей бір тақталы компьютер және екі құлаққап бар. Шлем автомобильдерді, пойыздарды, автобустарды, бағдаршамдарды, жол белгілерін, велосипедшілерді және адамдарды анықтауға қабілетті.

Бұл ретте талдықорғандық робототехника командасы смартфонға орнатылған «Болашақты көр!» шлемге арнайы қосымша жасап шығарды. Қазіргі уақытта қолданбада геолокация, ауа райы, компас, музыка, подкасттар, аудиокітаптар сияқты функциялар бар.

Зияткерлік мектеп оқушыларының жобасы Samsung байқауына қатысып, жүздеген жұмыстардың арасынан үздік 10-қа енді. Командаға 450 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Пікірлер