Шымкентте коронавирус жұқтырған жүкті әйелдерді емдеуге арналған инфекциялық стационар ашылды

456

Жаңадан ашылған стационар №2 қалалық аурухана базасында ашылған. Мұнда инфекциялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеуге арналған 100-төсек орын дайындалған.

Коронавирустық инфекция жұқтырған науқастар санының өсуіне байланысты жасақталған бұл стационар жүкті әйелдер мен босанған аналарға
арналған. Орталық науқастарды емдеу үшін барлық қажетті медициналық жабдықтармен қамтылған. Мұнда дәрігерлер ковид ауруының орташа және ауыр ағымы бар науқастарды емдейді.

«Соңғы екі күннің ішінде стационарда 22 науқас жатыр. Оның 13-і босанған аналар, қалғандары жүкті әйелдер. Науқастарды емдеу үшін аппараттар орнатылған. Қазір мұнда қажеттінің барлығы бар»-дейді аурухананың бас дәрігері Рахматалиев Асқар.

Айта кетейік, №2 қалалық аурухана құрамындағы емханада егу бекеті жұмыс істейді. Мұнда медицина мамандары күнделікті ковидке қарсы вакцинациялау жұмыстарын жүргізеді. Бүгінге дейін қалада 1-ші компонентпен
593 553 адам, 2 – ші компонентпен-579 278 адам егілді.Сондай-ақ 2021 жылдың 15 қарашасынан бастап 12-18 жасқа дейінгі балалар,жүкті және бала емізетін әйелдердің "Pfizer-BioNTech" вакцинасымен вакцинациялау басталды. "Pfizer-BioNTech"вакцинасының1-ші компонентімен 22 229 адам егілген.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Позилов Бақыитжанның сөзінше,қалада эпидемиялогиялық жағдай күрделі. Соңғы тәуліктің ішінде 343 науқастан ковид анықталған.

«Қазір жансақтау бөлімінде 26 науқас жатыр. Олардың жең жартысы ИВЛ аппаратта. Өкінішке қарай, олардың көбісі вакцина салдырмаған. Созылмалы аууры бар науқастарға айтарымыз вакцина салдырыңыздар. Өйткені қосымша ауруы бар науқастарда коронавирус ауыр өтеді»-дейді Б. Позилов.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket