Петропавлда "Dostyq Mall" сауда орталығы эвакуацияланып, полиция қоршауға алды

1109

Кеше, 15 қаңтарда Петропавлда ірі сауда орталықтарының бірі эвакуацияланып, нысанды полицейлер қоршауға алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Petropavlovsk.news"-ке сілтеме жасап.

Қаңтардың 15-і күні кешке "Dostyq Mall" сауда орталығына келушілерді ғимараттан кетуді сұраған. Сағат 22.45 шамасында толық эвакуациялау жүргізілген: келушілер мен жұмысшылар ғимараттан шығарылған. Полиция қоршау орнатқан.

Бір жарым сағаттың ішінде сауда орталығының ғимаратында тек құқық қорғау органдарының өкілдері ғана болды. Олар ғимараттан жарылғыш затты іздеген.

— Кеше құқық қорғау органдарына "Dostyq Mall" сауда ойын-сауық орталығына мина қойылғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнында барлық төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеді. Сауда орталығының ғимаратын тексеру кезінде жарылғыш зат табылмаған. Қазіргі уақытта лаңкестік актісі туралы жалған хабарлама жасаған күдіктіні анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, — деп хабарлады СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket