Жириновский: Назарбаев өліп қалған, оны жерлеп тастады

29846
Adyrna.kz Telegram

Владимир Жириновский Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “баяғыда-ақ өліп қалғанын” айтты, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. Бұл туралы саясаткер «Комсомольская правда» радиосында айтты.

«Менің ойымша, ол баяғыда-ақ қайтыс болған. Өліп қалған, оны жерлеп тастады. Осылайша тыныш тығылып, үнсіз қалып, тірі жүру? Бұл мүмкін емес. Оның үстіне ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы бірден қамауға алынды», - деді Жириновский.

Жириновскийдің айтуынша, халық бұрынғы басшыларына қарсы шығып, құтылғысы келгендіктерін көрсетті.

Бұған дейін БАҚ экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев елдегі жағдай туралы бірде-бір мәлімдеме жасамағандықтан, елдегі толқулар кезінде Қазақстаннан кетуі мүмкін деген болжам жасаған болатын. Кейін оның Қазақстаннан шықпағаны белгілі болды.

Назарбаев 2019 жылы наурызда отставкаға кетті. Алайда, оған ұлт көшбасшысы мәртебесі берілді, Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы қызметін сақтап қалды және «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Конституциялық Кеңестің мүшесі болып қалды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер