Бейнебақылау камералары қалыпқа келтірілуде

2623
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласындағы әлеуметтік нысандарда және жол бойында жалпы 14 684 бейнебақылау камерасы орнатылған. Былтырғы жылдың өзінде қала көшелеріне 3177 заманауи камера қойылды. Соның көмегімен мегаполисте орын алған жаппай тәртіпсіздікті дер кезінде тоқтатуға, бүлікшілерге тосқауыл қоюға мүмкіндік туды. Камера арқылы азаматтардың түр-тұлғасын анықтап, күдіктілерді қолға түсірді.

Бұзақылық орын алған сәтте бейнебақылау жүйесінің 189 «сергек» камерасы вандализмге ұшырады. Оның ішінде маңызды саналатын елуге жуық камера санаулы сағат ішінде қайта қалпына келтірілді.

Қала әкімі тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде камераның маңызы зор екенін айтып, бүлінген бейнебақылау камераларын тездетіп қалыпқа келтіру жөнінде тиісті сала басшысына тапсырма берді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер