Stopfake.kz жобасының жетекшісі Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды

2589
Adyrna.kz Telegram

Үкімет қаулысымен Александр Данилов Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Александр Данилов 1991 жылы 16 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі. Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі. Еңбек жолын қоғамдық секторда бастаған, әр жылдары бірқатар жастар қоғамдық ұйымының басшысы болған. Сондай-ақ жеке ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарды. 2020 жылдың шілде айынан бастап Stopfake.kz жобасының жетекшісі болды.

Айта кету керек, сондай-ақ бүгін бұрынғы энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі қызметіне тағайындалса,  Бейбіт Исабаев Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты болды.

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер