Министр ақылы вакцинаның бағасын айтты

4128
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/vakczina-lotereya-960x500.jpg?token=71708be950a2393272f205868f608dbb
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда ақылы вакцинаның бағасы туралы айтты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. "Мен бағаны нақты айта алмаймын, өйткені бұл — коммерциялық сегмент. Жалпы вакциналардың бағасы қымбат емес. Егер біз басқа вакциналарға қарайтын болсақ, олар әртүрлі, мәселен, 2 мыңнан 5 мың теңгеге дейін барады. Сондықтан бағаны белгілеу сатып алу бағасына байланысты болады", – деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Үкімет сағатында. Оның айтуынша, негізгі дистрибьюторлар келесі жылдан бастап нарықта қолжетімді болатын қосымша вакциналар пулын іске қосу туралы хабардар етілген және осы мәселені пысықтауда. "Мысалы, тұмауға қарсы вакцина. Біз бір вакцинаны сатып аламыз, бірақ сонымен бірге коммерциялық нарыққа балама аналогтарды ұсынуға мүмкіндік береміз", – деді Алексей Цой.  

"Адырна" ұлттық порталы.

댓글
기타 기사