Жазушы Аягүл Мантайдың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

5026
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/bir-10.jpg
Түркістан облыстық полиция департаменті жазушы Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Мәлімет бойынша жазушы өз-өзіне қол салған. Бұл оқиға Жетісай аудандық полиция бөлімшесінде тіркелген. Қазір Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
«Полицейлер қажетті іс-шараларды атқарып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады», - делінген полицияның ресми хабарламасында.
Айта кетейік, 29 шілде күні жазушы Аягүл Мантайдың қайтыс болғаны белгілі болды.

"Адырна" ұлттық порталы

댓글
기타 기사