Атырауда үш күнде 400-ден астам білім саласы қызметкері екпе алды

3885
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/vakczina.jpg
Соңғы үш күнде атыраулық 405 мұғалім коронавирус індетіне қарсы вакцина алды. Білім саласы қызметкерлері арасында екпеге қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі- Атырау энергетика және құрылыс колледжінде өтті. Онда санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен жұқпалы және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Ләззат Джайлауова, Денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру және лицензиялау бөлімінің басшысы - Нина Оспанова, №5 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Нұрбақыт Құпжанов, облыстық Білім беру басқармасының бас маманы Гаухар Такузова қатысып, вакцинаға қатысты мұғалімдер сауалдарына жауап берді. Атырау облысында 9 наурыздан бастап мұғалімдерге коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация салу басталған болатын. Соңғы үш күнде 605 атыраулық вакцина алды. Оның 408-і педагог, 183-і медицина қызметкері, 14-і мемлекеттік қызметші.
댓글
기타 기사