Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин шегірткеге қатысты журналистерге ашуланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Stan.kz-ке сілтеп.
Жұманғарин бұған дейін шегірткені «халал өнім» деп атаған еді. Алайда ол журналистердің сауалына ашумен жауап берді.
«Мен оны жеу керек дедім бе? Мен тек “халал өнім” дедім», - деді министр БАҚ өкілдеріне ашулана жауап беріп.
Министр шегірткелердің табиғи экожүйенің бір бөлігі екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл жәндіктермен күресу толығымен мүмкін емес.
«Қазір біз оның екіжылдық циклінің аяғындамыз. Келесі жылы мұндай белсенділік болмайды», - деп түсіндірді ол.
기타 기사
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз