Депутат Тұлпар күнін тойлауды ұсынды

1430
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_9619-960x500.jpeg?token=7bf355043af4591d2604abd1d4bb6984

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Қазақстанда «Тұлпар күнін» бекітуді ұсынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, жас ұрпақ арасында жылқы мәдениетін насихаттау стратегиялық маңызы бар міндет.

«Көптеген мемлекетте жылқыға арналған ұлттық күндер бар. Қазақстанда да «Тұлпар күні» деп арнайы датаны бекітуді ұсынамын»,—деді депутат.

Сондай-ақ Аманжол Әлтай қазіргі мектеп бағдарламаларында жылқының қазақ мәдениетіндегі, тарихындағы орны жүйелі түрде қамтылмағанын да атап өтті.

«Осы орайда мектеп бағдарламасына жылқының анатомиясы, күтімі, ерекше қасиеттері жайлы арнайы модуль енгізу керек»,—деді ол.

댓글
기타 기사