Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) Қазақстандық кәсіпкер Ерқанат Жұмабековке халықаралық іздеу жариялады. Бұл туралы Қырғызстанның арнайы қызметі ресми баспасөз хабарламасында мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
Ерқанат Жұмабековк— Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталовтың күйеу баласы.
ҰҚМК мәліметінше, Жұмабеков ұйымдасқан қылмыстық топты (ОҚТ) қаржыландырды деген күдікке ілінген. Аталған топты 2023 жылдың қазанында Бішкекте арнайы операция кезінде өлтірілген қылмыс әлемінің серкесі — Камчыбек (Камчы) Көлбаев басқарған.
«Жұмабеков К.Асанбектің (Көлбаевтың) қылмыстық әрекетін біле тұра, ТМД елдерінде өз бизнес жобаларын ілгерілету мақсатында оның айналасын жүйелі түрде қаржыландырып отырған», — делінген Қырғызстан ҰҚМК мәлімдемесінде.
ҰҚМК деректеріне сүйенсек, Ерқанат Жұмабеков Көлбаевтың «Братский круг» атты қылмыстық құрылымына қолдау көрсетіп, оның туыстарының Алматыға жасаған сапарларын қаржыландырған. Сондай-ақ, қылмыстық топ мүшелерімен Ыстықкөлдегі «Барс» демалыс орнында бірнеше рет кездескен.
Бішкек қаласының Октябрь аудандық соты Жұмабековке қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын бекітті. Оған Қырғызстан аумағында ресми түрде іздеуге жарияланды және жақын арада Интерпол базасына енгізілуі мүмкін.
Айта кетсек, Ерқанат Жұмабеков — тек кәсіпкер ғана емес, өңірлік саяси элитаға қатысы бар тұлға. Ол 2014–2021 жылдар аралығында Алматы облысын басқарған, саяси салмағы бар Амандық Баталовтың күйеу баласы.
Баталовтар әулеті оңтүстік өңірлерде ұзақ жылдар бойы ықпалын сақтап келген. Ал Ерқанат Жұмабеков ашық дереккөздерде Алматы мен облыстағы құрылыс және девелоперлік компаниялармен байланысты тұлға ретінде көрсетіледі.
기타 기사
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз