Қазақстанның ізімен. Қырғызстандық мектеп оқушылары қырғыз тілінен емтихан тапсырады

1336
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_9107-960x500.jpeg?token=8e1b353f6806b01480a98453e4588db1

Биыл Қырғызстан мектептерінде алғаш рет мемлекеттік тілден емтихан өтеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, 5-6 сынып оқушыларының  қырғыз тілі бойынша білім деңгейі тексеріледі. Ал келесі оқу жылынан бастап 7-8 және 10 сынып оқушылары да емтихан тапсырады.

«Емтихан қорытындысы облыстық деңгейде шығарылады, содан кейін Білім және ғылым министрлігіне тапсырылады. Нәтижелер оқушылардың келесі сыныпқа  көшуіне әсер етпейді. Емтихандар мемлекеттік тілді білу деңгейін талдау үшін өткізіледі»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2024 жылдан бері қазақстандық оқушылар қазақ тілінен міндетті емтихан тапсырып келеді. Бұл жаңашылдық мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында "Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" үкімет қаулысын орындау үшін енгізілді.

댓글
기타 기사